Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  72


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

БАЙҚАУ КЕРЕК

«Ақын болу еркіңде,
Азамат болу борышың».
Өлшенед армен көркің де,
Байқау керек сол үшін.
Ақындық атты шоқпар қып,
Тепсінбе көп деп табысым.
Ақынды да соттар жұрт,
Болмаса егер намысың.
Оқырман сыншы, сұңғыла,
Өлеңнің білер тез мінін.
Ұстасаң да алтын буына,
Байқап та қалар жездігін.
Талғамға салмай толған ба?!
Шыныңды айт, болса кезінде.
Бəрі де бекер болғанда,
Төреші бір өзің бе?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу