Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  70


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

САҚТА

Əр нəрсені білгірсінген,
Өсек-аяң баққаны ұдай.
Алдыға келіп көлгірсіген,
Арамзадан сақта, құдай.
Құлдық ұрып қошеметпен,
Ар-намысын сатқан ұдай.
«Пайда» тапқан сол себептен,
Жағымпаздан сақта, құдай.
Басқалардан асып туған,
Лықсымадан сақта, құдай.
Күншілдікті кəсіп қылған,
Бықсымадан сақта, құдай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу