Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  110


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ЖОЛДАСПЫЗ

Керуен жолда жосылған,
Танысқамыз алғаш біз.
Бір партада отырған,
Бала кезден жолдаспыз.
Сол ұсқының ап-айқын,
Тұрады əлі күлімдеп.
Сабақтастар атайтын,
Сені ылғи «жылым» деп.
Ортақтасып сырыма,
Ықтай жүріп жанбастың.
Ойысқан ой-қырыма,
Бал жаласқан жолдассың.
Азамат боп еңселі,
Сен де өзіңше жол бастың.
Аяладым мен сені,
Ауырыңды қолдастым.
Мен кешкенде кешуді,
Аяғымнан жармастың.
Ойладың ба
өсуді,
Келді ме əлде жан баққың!?
Байыбына бара алмай,
Жүрдім желдің өтінде.
Кезіккенде қарамай
Өтетінің есімде.
Өкінбеймін оған да,
Жүрсің қазір қасымда.
Қимастығым содан ба,
Жолдас болдым басында.
Жолдас деген ұлы есім,
Адал жандар сенімі.
Жолдас қадірін білерсің,
Жолдас жолдың серігі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу