Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  646


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ҚҰДАЛАРҒА

Бас қосқан көне-жаңа құдаларым,
Болыңдар қуанышқа куə бəрің.
Білмедім адамнан ба, алладан ба?!
Сендерге ниетімді тураладым.
Жолы деп пайғамбардың құдаласқан,
Мереке болар ма екен бұдан асқан.
Жүресің рулы елді құда ғылып,
Кейінің аты-жөнін сұрамастан.
Өтеміз сыйластықпен əманда біз,
Сендерге бала беріп, бала алғамыз.
Біз бүгін намыс ортақ, табыс ортақ,
Жеңімпаз бір құрама командамыз.
Достыққа адамдардың бəрін тартып,
Ғанибет, ойнап-күлу көңіл шалқып.
Отырмыз құда үйінде кең көсіліп,
Мың жылдың алғашқы бір дəмін татып.
Тасиды көңіл кейде ақ қайнар боп,
Ешкімнен сұрамадым бақ қайда деп?!
Бала-бақ, бала-бақыт ата-анаға,
Құрметтейд қазақ қызын атбайлар деп.
Қондырған ұлын ойға, қызын қырға,
Бабамның тілегі бар бұл жырымда.
Құдалар бола берсін бірің екеу,
Өтелер бұ да парыз ғұмырыңда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу