Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  85


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ЖИІ ТЕРГЕП

Өкінсем, өкінгеннің бірімін мен,
Шүкірлік бұл күніме тірі жүрген.
Мен де бір элементпін молекулам,
Құралған бөлінуден, бірігуден.
Қалайда жаным көнпіс, миым сергек,
Жүремін өзімді-өзім жиі тергеп.
Ақынмын жан көңілін қалтырмайтын,
Білмеймін, жарға қарай кім итермек.
Дос десем сезіледі досым көптей,
Қас десем жүреді ылғи тасы жетпей.
Екі аяқпен қаз тұрған сəби едім,
Бақ пен сорды болмас тең, басып өтпей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу