Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  475


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ҚҰРДАС

Деген сөз бар құрдастың құдайы бір,
Құрдас келсе ашады қурайым гүл.
Арсалаңдап есіктен сұғарда бас,
Суық тартып дегендей сынайын бір.
Елеместен сөзін де ол дойыр бастап,
Отырады əзілмен қайырмаштап.
«Менікі» деп таласып балаңа да,
Жарын-дағы кетеді айырбастап.
Қайда жүрсең сыртыңнан қорғаштайды,
Жаманатқа, оллаһи, ол баспайды.
Біреу атса жебесін ту сыртыңнан,
Одан үлкен құрдасқа болмас қайғы.
Қышытатын күнде бір тілдің ұшын,
Құрдассыздың қоңылтақ күні құрсын.
Қазіргінің таңғалам құрдасына,
От пен суға түспейтін бірі үшін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу