Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  72


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ХАЛЫҚ БАРДА ҚАМ БАР МА?

Ежелден бар қасқа жол,
Біз де соған жалғастық.
Жетпесе де басқа қол,
Шамамыз бар жамбастық.
Таумыз десед бұл күнде,
Күн қақтаған əр төбе.
Ең дұрысы, білдің бе,
Халық берген мəртебе.
Табынады ел бізге де,
Достар, несін ығамыз.
Хандар шыққан мінбеге,
Өлең оқып шығамыз.
Халық барда қам бар ма,
Еркелетіп келеді.
Еңкейгенде ел болып,
Қолтығымнан демеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу