Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  84


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ЖЫР ЖОЛЫНДА


Шыныңды айтшы, жазғандарым өлең бе?
Не дейді жұрт жоғарыда, төменде.
Ай, тірімде ала алмаспын бағамды,
Ала-құла қайшылығы көп елде.
Оның рас жасанды өлең жазбаймын,
Өлең үшін өліп кете жаздаймын.
Қиқу салып құстар ұшса төбемде,
Мен төменде жалғыз ұшқан қаздаймын.
Жыр жолында жағаласпай, таласпай,
Күндерім аз жататұғын таң аспай.
Кейде отырып өзіме-өзім мəз болам,
Бұтағына бұлбұл қонған ағаштай.





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу