Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  309


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ЖОЛДА ТУҒАН ЖОЛДАР

1.
Жолға шықсам, болмаса да ештеңем,
Төрім сонда – қайда қонсам кешке мен.
2.
Кейде күннің кездессе де ызғары,
Таусылмайды туған елдін тұз-дəмі.
3.
Қонақтарды үйге келген құт дейді,
Жол секілді сый-құрмет те бітпейді.
4.
Қандай қызық шығарып сап, қарсы алып,
Кейін соны айтып жүрген тамсанып.
5.
Жомарт үйге тірер болса жол қандай,
Тек сол үйде кіре алмаған – сормаңдай!
6.
Кім көп ішті, кім кімдерге борышты?
Есептемес жолаушылар жол үсті.
7.
Өмір жайлы бірге шырқар болса əні,
Жаны жайсаң жолаушылар – жол сəні.
8.
Жолдың бойы толған бекет, толған үй,
Естен кетпес баласы көп болған үй.
9.
Жол ақысы жүрсе ғана бітеді,
Бір жол бітсе, екіншісі күтеді.
10.
Орамалын берген адам жолға деп,
Екінші рет тон да сыйлар: «тоңба!» – деп.
11.
Ұшақпенен, пойызбенен, атпенен,
Мен де біраз жолдың жүгін ап келем...
12.
Жол – өмірдің асып өтер белесі,
Жолдан кейін тағы жол бар келесі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу