03.06.2022
  99


Автор: Дәулет Мұқаев

БЖТ қашан және қалай төлеу қажет?

 


БЖТ-ді табыс алынған әр ай үшін жеке-жеке төлеу қажет. Сондай-ақ келесі айларға алғытөлем (аванс) төлеу мүмкіндігі қарастырылған.


БЖТ-ді Қазақстанның кез келген банкінің кассаларында, сондай-ақ «Қазпошта» бөлімшелерінде төлеуге болады. Ол үшін өзіңіздің жеке куәлігіңізді көрсетіп, «183» ТТК (төлемдерді тағайындау кодтары) бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ (коммерциялық емес акционерлік қоғам) банктік шотына төлем жүргізу қажет.


Егер жоғарыда аталған БЖТ талаптарының біріне сәйкес келмесеңіз, онда заңды түрде кәсіп жүргізу


 


үшін сізге ДК ретінде тіркелу керек. ДК тіркеудің төмендегідей 2 жолы бар:



  1. Жеке куәлігіңізді алып, ДК мекен жайы ретінде тіркегіңіз келетін ауданның салық басқармасына барып, жазбаша түрде салық өтінішін қалдырасыз. Бұл жерде мына нәрсені ескере кету керек, ДК тек сіздің өзіңіздің тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша тіркеуге міндетті емессіз. Мысалы, сіз дүкенді жалға алып істегіңіз келсе, сол дүкен орналасқан ауданның салық басқармасына барасыз.

  2. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алып, elicense.kz сайтында өзіңіз ашсаңыз болады.


ДК тіркеу кезінде ескеруіңіз керек 2 жайт:



  1. Кәсіп түрін дұрыс таңдау. Яғни 5 таңбалы ЭҚЖЖ (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) таңдауыңыз керек болады. Мысалы, үйді жалға берсеңіз оның коды 68020, торт пісіріп сатсаңыз 10710 т.с.с. жалғаса береді. Бұл кодтарды алдын ала ғаламтордан қарап, таңдап барғаныңыз жөн болады.


















Салық режимі



Салық пайызы



Салық есептілігі



Шектеулер



Жалпыға бірдей



10% таза табы- стан, әлеуметтік салық өзі үшін 2АЕК – әлеумет- тік сақтандыру қорына аударым; жұмысшылары үшін 1АЕК – ӘСҚА



200.00 әр тоқсан сайын;


220.00 жыл сайын



Табыс пен жұмысшы саны бойынша шектеу жоқ



 


 


















 



1,5% табыс са- лығы жалпы айналымнан 1,5% әлеуметтік салық жалпы ай- налымнан.


Бірақ, әлеуметтік салықты есептегенде


одан ДК өзі үшін төлеген және жұмысшылары үшін төлеген әлеуметтік сақтандыру қорына жасалған аударымдары (соц.отчисление)


алынып тастала- ды.



910.00


жарты жылда 1 рет



Жалпы айналым жарты жылда 24038 АЕК


аспау керек. Жұмысшы саны 30-дан аспау керек.



Патент



Қолма қолсыз ақшамен жұмыс істеген жағдайда табыс салығы жалпы айналымнан 1% , қолма қол


ақшамен ақшамен жұмыс істеген жағдайда жалпы айналымнан 2% табыс салығы


төленеді



911.00 кем дегенде 1 айға, мак- сималды 1 жылға


тапсыруға болады



Жұмысшы күшін пайдалануға болмайды. 1 жыл ішіндегі айналым 3528 АЕК тен аспау керек.



 



  1. Салық режимдері. Қанша пайыз салық төлейсіз, қашан, қалай салық есептіліктерін тапсырасыз – осы режимге байланысты болады. Сол үшін салық режимдерінің бәрімен танысып артықшылығы мен кемшілігін біліп алыңыз.


 


Табыс салығының пайыздарына қарап, оңайлатылған декларация негізіндегі салық режимі мен патент негізіндегі салық режимі тиімдірек көрінуі мүмкін. Бірақ, ол екі режим жалпы айналымнан салық төлейтінін ұмытпаңыз. Егер сізде үлкен айналым, бірақ аз табыс болса сізге жалпыға бірдей салық режимі тиімді болуы мүмкін. Мысалы, телефонға бірлік салатын аппараттар қойсаңыз, 1000 тг бірлік салынғанымен сізге тек 20 тг қалады делік. Осы тұста оңайлатылған салық режимі бойынша 30 тг салық төлеу керек боласыз, ал жалпыға бірдей салық режимі бойынша 20 тг-ден 10% 2 тг ғана салық төлейсіз. Құжатпен дәлелденген шығындарды алып тастап, таза табыстан төлеу мүмкіндігін сізге тек жалпыға бірдей салық режимі береді. Сондықтан салық режимін таңдамас бұрын, қағаз бен қалам алып, болашақ шығындарыңыз бен табысыңызды есептеп барып, шешім қабылдаңыз.


 


Оңайлатылған декларация негізіндегі салық режимін пайдалану үшін мынандай кәсіп түрлерімен айналысуға тыйым салынады:



  1. акцизделетін тауарлар (спирттің барлық түрлері, сусын, шырын, арақ-шарап, сыра, темекі, алтын мен күмістен жасалған зергерлік бұйымдар және т.б) өндiруді;


 



  1. акцизделетін тауарларды        сақтауды       және көтерме саудада өткiзуді;

  2. мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін бензинді, дизель отынын және мазутты өткiзуді;

  3. лотереялар өткізуді;

  4. жер қойнауын пайдалануды;

  5. шыны ыдыстарды жинауды және қабылдауды;

  6. түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткiзуді;

  7. консультациялық қызметтер көрсетуді;

  8. бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызметті;

  9. сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметін және делдалдық қызметін;

  10. құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметті;

  11. қаржы лизингі шеңберіндегі қызметті


Сонымен қатар, агенттiк шарттар (келiсiмдер) негiзiнде қызмет көрсететiн дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдана алмайды.


Агенттік шарттар (келісімдер) дегеніміз – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (келісімдер) түсініледі, олар бойынша бір тарап (агент) сыйақы үшін екінші тараптың тапсырмасы бойынша өз атынан, бірақ екінші тараптың есебінен не екінші тараптың атынан және есебінен белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттенеді. Мысалы, желілік маркетинг.


 


Жоғарыдағы талаптарға сай болмасаңыз, жалпыға бірдей салық режимін таңдағаныңы жөн. Себебі, бірнеше жыл өтіп кеткеннен кейін де салық органдары сіздің салық режиміңіз қате таңдағаныңызды байқаса, өтіп кеткен жылдар үшін қайтадан салық декларацияларын тапсырып, қайтадан салық төлеуге міндеттеуі мүмкін. Сондықтан салық режимін таңдауға салғырт қарамауға кеңес береміз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу