Өлеңдер ✍️

  02.06.2022
  995


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

«Анаға тағзым»


ана


 


Сөзін жазған Айтбек Әліпов,


Әнің жазған, орындаған Анарбек Қозбақов.


 


Ақ сүт беріп, мәпелеп,


Аяладың, анашым.


Даналықтың тамырысың,


Сая бағым, анашым.


Ең қымбат жан әлемдегі,


Таянарым, анашым.


Ең қымбат жан әлемдегі,


Таянарым, анашым.


                        (қайырмасы)


            Ұстап тұрған бар бақты,


            Асыл ана ардақты.


            Сен өмірден озған соң,


            Көтердім мұң – салмақты.


            Салып кеткен сара жолың,


            Ұрпағыңмен жалғасты.


            Салып кеткен сара жолың,


            Ұрпағыңмен жалғасты.


Алыпқа анам қуатты,


Мен өзіңді теңедім.


Кәусар бұлақ сияқты,


Ақылдың көзі сен едің.


Елжіреп мені құшқанда,


Алаңсыз шалқар көл едім.


Елжіреп мені құшқанда,


Алаңсыз шалқар көл едім.


            Киелі, текті жан едің,


            Жан жүрегің ақ еді.


            Сәждеге басың тигенде,


Төгілетін нұр әдемі,


Марқайып әкем жүруші еді,


Орыны жұмсақ тақ еді.


Марқайып әкем жүруші еді,


Орыны жұмсақ тақ еді.


Көргенде шашың ағарған,


Мұң түсті ме екен қалай да?!


Ақтадым ба екен үмітті,


Көп моншақ төктім жанардан.


Белгісі болар қарттықтың,


Байқалған бәлкім самайдан.


            Тереңнен ойлап кеңінен,


            Сыйластың көппен жөнімен.


            Өмірің тұлпар арқырап,


            Ұсынған орын төрінен.


            Мінәжат еттің Аллаға,


            Кемеңгерліктің жолымен.


            Мінәжат еттің Аллаға,


            Кемеңгерліктің жолымен.


Өсірген өзің шынармын,


Тәрбиеңнен адал нұр алдым.


Рухыңмен жебеп жүрерсің.


Сабыр бер Алла, шыдамды.


Пейіште нұрың шалқысын,


Бағыштадым дұғамды!


Пейіште нұрың шалқысын,


Бағыштадым дұғамды!


            Айтбек Әліпов, 1 маусым 2022


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Ақмарал
Ақмарал 24.11.2022 10:30
Кип кишкентай журегиниздин сезимталдыгынан айналайын......ар Бир Осип жаткан улдарымыз сиздей болсын!Бир туар Азамат агатайым.
Аян
Аян 06.06.2022 17:39
Керемет
Айжан
Айжан 04.06.2022 21:23
Мын мын рахмет осы ән үшін!!!! Жұректен шыққан сөздер қандай ғажап!!!
Гүлбақыт
Гүлбақыт 04.06.2022 16:56
Өте керемет!?

Пікір жазу