02.06.2022
  162


Автор: Ескен Елубаев

ҚАР

Қардан жоқ деп жеңiл,
Жүрген сенiп көңiл.
Бiр күнi қар жауды,
Басып қалды бауды.
Жеңiл десем қарды,
Сындырды көп талды.
Бала асылса сынбай,


Дауылыңа қыңбай,
Тұрған талдар тiп-тiк,
Сынып түстi бырт-бырт.
Қарда жоқ деп қауқар,
Ендi кiмдер айтар?
Жеңiл болсын, тiптi
Бiрiксе – күш!
Мықты!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу