02.06.2022
  206


Автор: Ескен Елубаев

ТӨРТ ТҮЛIК

Ұстап жүрсе жүгендi,
Жылқышы деп бiл ендi.
Қолда жүрсе көгенi,
Мен қойшымын дегенi.
Ұстағанды бұйданы
Сиыршы деп бiл-дағы,
Ұстағанды ноқтаны
Түйешi ғой деп таны...
Жылқышыға келесiң,
Ұзын құрық көресiң.
Түйешiге келесiң.
Түйе жүн шекпен көресiң.
Сиыршыға келесiң,
Таспа тiлiп көресiң.
Қойшы үйiне келесiң,
Тулақ, көндi көресiң...
Жылқышының қымызын
Iш сусын қып күн ұзын.
Түйешiден шұбатты
Сiмiр, ол ас қуатты.
Сиыршының айранын
Жұт, кiлегей, қаймағын.
Қойшы берер құлақты,
Құйрық, бауыр, сирақты.
Ел құты – төрт түлiк мал,
Баққандарды бiлiп ал




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу