02.06.2022
  178


Автор: Ескен Елубаев

БIТКЕН ДАУ

Балам айналыспаған
Спорттың түрi жоқ.
Менiң байланыспаған
Тренердiң бiрi жоқ.
Футбол барды, қуылды,
«Жарамайды, əлсiз», – деп.
Бокс барды. Қиын-ды...
Қашты өзi жайсыз деп...
Бiр жыл даудың бiткенi,
«Ушу-дан» сабақ алып жүр.
Қумас одан...
Өйткенi,
Ақы төлеп барып жүр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу