02.06.2022
  117


Автор: Ескен Елубаев

ТIЛ ХИКАЯСЫ

Жаз шығады.
Каникул кеп жетедi.
Қойлы ауылға ұлым менiң кетедi.
Қазақшаны үйрен деймiз тапсырып,
Қазақша тiл бiлмегенi өтедi.
Күз болады.
Ұлым үйге қайтады,
Тiл бiлмейтiн жылдағыдай жай тағы.
Есесiне ол балаларын ауылдың
Кеттi үйретiп орысша деп айтады...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу