02.06.2022
  101


Автор: Ескен Елубаев

СУ ЖАҢА БƏТЕҢКЕ

Бəтеңкем жыртылды...
Əпердi жаңаны...
Сықырлақ бiр түрлi
Кигенде табаны.
Мектепке барарда,
Бəтеңкем сықырлап...
Бар бала... қарар ма,
Мен жаққа жыпырлап.
Зер салды талайы,
Таныс та,
Басқа да.
Тер басып барады
Өзiмдi,
Масқара!
Көз тiгер мəз емес,
Оңған да түрiм жоқ.
Жейде де таза емес...
Шалбардың қыры жоқ.
Шаш түскен көзiме
Шығып ем тарамай.
Ал, бəрi өзiме
Өтпейдi қарамай.
Ұры ұстап тұрғандай
Бəтеңкем оңбайды-ау...
Қасақана қылғандай
Сықырлап қоймайды-ау...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу