02.06.2022
  97


Автор: Ескен Елубаев

ЕРКЕ

Ерке Нұрлан бұртиып,
Ашпай отыр қабағын.
Алдында астың түр-түрi,
Қинайды iшпей тамағын.
Бəйек болып мамасы,
Жалбарынып: – Iш, – дедi.
Көнбеген соң баласы,
«Iшсеңшi», – деп күштейдi.
Нұрлан ашу шақырып
Жiбередi бақырып.
Үйдiң жалғыз батыры
Жеңiп шығар ақыры.
Көршi үйдiң баласы
Келiп едi,


Қарашы,
Қолындағы нанына
Отыр ендi таласып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу