Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  136


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Жолхат

Шекара ма мынауың, қиямет пе?
Шырылдайсың:
– Жолхатсыз былай өтпе?!
Өз жеріне өз ұлы бара алмаса,
Жағылғаны емес пе күйе бетке.
Сар жайлауды сағындым сандал мінген,
Тауларымды сағындым сардар жүрген.
Тізгінімнен ұстама даяшыдай,
Бұлақтарды сағындым талдарымен.
Боз інгеннің ботасы ем табысайын,
Балапаны ем құзардың тағы ұшайын.
146
Жыр желкені
Айналайын, алып қой томағаны,
Бөкенімен даламның жарысайын.
Шекара ма мынауың, қиямет пе?
Шырылдайсың:
– Жолхатсыз былай өтпе?
Отанға да, халыққа сенімдімін,
Қалай айтсам да өзіңе сыйяды өкпе.
Бұл жайлауда ойнадық, лепірдік те,
Өзеніне керексіз көпір түкке.
Сəйгүлікті жалдайын «жолхат» үшін,
Өлеңімді ұстай тұр кепілдікке.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу