Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  104


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Достар қайда?

Бірге жүрген көктем басып, қар басып,
Достар, шіркін, көп еді ғой жан ғашық.
Кейбірінен жылап тұрып айырылдық,
Кейі кетті қызметпен алмасып.
Жанарлары қараңғыда от шашып,
Құдай қонақ біздер, дейтін топтасып.
Өлең оқып, əн шырқайтын күндер-ай,
Ішіп-ішіп отыратын оттасып.
Қабыл-дағы жүрмейд қазір қан басым,
Жалғыздықты құдай басқа салмасын.
Жаным Мəрпу, соғымыңнан ірке жүр,
Алыстағы достар келіп қалмасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу