Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  91


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

шамаң болса, тәріңде әндетіп ал

Ертістің көкірегін жарып туған,
Тайыр да Бейсенбідей алып тұлғаң.
Алмағайып заманда елін күймен,
Рухани сырқаттан сауықтырған.
Көңілі оның ақ нөсер жауып тұрған,
Шабыт құсы түлкі ілген тауып қырдан.
Кезінде о да елінің сал-серісі,
Əсет, Біржан секілді сауық құрған.
Ақ боз үйде отырып нар байлаған,
Күйін шертсе аяғы əнге айналған.
Ақаралдың əдемі ариясы,
Сарарқадан кем түспес, сар жайлаудан.
Əр күйінің өзіндік сəулеті бар,
(Шамаң болса тіріңде əндетіп ал).
Тайыр мəңгі жасайды елмен бірге,
Артында оның Дəулеті1,
əулеті бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу