Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  81


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Бедел

Болсақ та əке, біреуге болсақ та аға,
Шетімізден шеберміз қолпаштауға.
Бедел деген немене, салауат па,
Болмаса əлде үлкендеу мансапта ма?
Көбімізге күн көріс айлық қана,
Бедел деген барлық та, байлықта ма.
Не болмаса баянсыз бақытта ма,
Беру қиын əзірше анықтама.
Бұлт шалады қашанда арман шыңын,
Тайы бəйге алмайды талғамсыздың.
Менше бедел біртіндеп тіктеледі,
Арасында шыжақтап жалған-шынның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу