Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  94


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Кітап оқу

Дала шырын, дана сырын,
Қайтып қана ұғарсың.
Кітап оқы, қарашығым,
Жан дүниең нұрлансын.
Айтқанымды сөгіс көрме,
Кім күйінер біреу үшін.
Көкең сенің көп істерге,
Куəгерін білемісің?
Тұрмыс тапшы, қатаң тəртіп,
Тоңғанымда қымтап арман.
Студент кез шапан сатып,
Ақшасына кітап алғам.
Ақыл атты азу тісің,
Шыққан шақта ұсақтама.
Ақындар мен жазушы үшін,
Ұстаз болған кітап қана.
Еңбекші ара бал тасыған,
Сезінбейді қиырды алшақ.
Дойбышыдан, қарташыдан,
«Кітап жады» ғылыми атақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу