Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  95


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Уақыт туралы

Уақыт, тіршілікке ауадайсың,
Қоғамды да, адамды дауалайсың.
Сенен үлес ала алмас мешеу түзім,
Алды-артына мешелдей қарайлайтын.
Атан қомдап, атты да тағалайсың,
Уақыт – көшпелі алтын, таба алмайсың.
Одан үлес ала алмас жалқау шаруа,
Жер емшегін жебелей сауа алмайтын.
Уақытпен жарысып қадамдайтын,
Ерлер қайда, жұмысын тамамдайтын.
Жер бедері сызылған глобустай,
Бас айналып, бəріне алаңдайсың.
Өмір жайлы болса да ой, сана да айқын,
Уақыт саған кез жетті саралайтын.
Сенен үлес ала алмас жалқау ақын,
Қағыр жердің бұлтындай жауа алмайтын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу