Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  80


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Жырға сапар

Бұл сапарда демеймін жырғап келем,
Талай шөлде сусадым құрғап денем.
Қара түнек жолықтым дауылдарға,
Теңізге де малшындым қирап кемем.
Болғаннан соң əйтеуір суішерім,
Тірліктің қайталай құрдым шебін.
«Ел іші – алтын бесік» дегеніңмен,
Бал ішерім белгісіз, у ішерім.
Болмай жүрмін, кейде мен оңбай жүрмін,
Кетер ме екен бұл дəурен қолдан бір күн.
Биіктерге ұша алмай шырылдайды,
Арбауында жыланның торғай жырым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу