Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  76


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Жағымпаз

Айлық жерден сезеді,
Өсек, ғайбат иісін.
Өртенеді өзегі,
Бола қалып қиысың.
Қағар бірдем қалтаңды,
Айтпасыңды айтқызып.
Түнде үйіне қайтады,
Бастықтарды жатқызып.
Тіміскілеп ел ішін,
Көсемсиді көсіліп.
Жол жүреді сен үшін,
Табаны да тесіліп.
Оған үлкен бақ дей бер,
Абырой мен дəрежең.
Маңызды орын сақтай гөр,
Қымқыр-дағы арадан.
Ұтылмайды, ұтпаса,
Ол – үйрек, сен – көлдейсің.
Басыңды егер бұлт шалса,
Қарасын да көрмейсің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу