Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  127


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Халық деген қара шал, қара кемпір

Тау биік болғанмен, табаны жер,
Тұрғысына жалауын заман ілер.
Халық деген қара шал, қара кемпір,
Нарқыңды солар айтқан баға білер.
Деме сен морт екенсің, шорт екенсің,
Өлең, өнер – көтерер қос өркешім.
Халықтың əділдігі болмаса егер,
Əркім мақтар қолда ойнар өртекесін.
Халық деген қара шал, қара кемпір,
Болашақпен араға салар көпір.
Жанашыр боп ағыңа, қараңа да,
Халық ғана қалтқысыз болар кепіл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу