Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  92


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Жыр қайығы

Өтпесін деп беймаза күнім бекер,
Мен емеспін сайран сап, дүрілдетер.
Өткел бермей өмірдің көк өзені,
Күнде қайық жасаймын мініп өтер.
Желкен керек, оған да ескек керек,
Бəрі-бəрін көңілім екшеп көред.
Жүйрік болсын қайығым, шымыр болсын,
Салған жерден шығатын төстеп бөлек.
Ақыныңа қымбаты ісмерлік,
Ойыстырам кімде-кім түсінер ғып.
Кейде шошып оянам топан судан,
Нұх кемесі түнімен түсіме еніп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу