Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  69


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Махаббат

О, махаббат, паш етсем жұртқа сені,
Талай жұлдыз жанды да, бұлтта сөнді.
Сен болмасаң болмас та ед Абай, Тоғжан,
Жекпе-жекке Пушкин де шықпас еді.
Туын жықпас, қанаты талмас ерді,
Сен болмасаң бір қырсық шалмас еді.
Ғашық болған патша ханымының,
Көз жасына Ли бай да қалмас еді.
Əйел деген құлпыртып жарты əлемді,
Сезімдерді тудырдың қанша əдемі.
Қызғаныштың үргізіп қызыл итін,
Шығаратын да өзіңсің бар пəлені.
О, махаббат, мəңгілік көзі күлген,
Жаралғансың сүю мен сезінуден.
Ниетің тек екінің басын қосу,
Пендешілік болса егер өзімізден.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу