Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  96


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Қызым ұзатыларда

Махаббат ұл да берді, қыз да берді,
Адамзат сапарында бұ да белгі.
Жетіліп ұшсам қанат, қонсам құйрық,
Осылар өрмелетті шыңға мені.
Мен жайлы балалардың ұраны ашық,
Тоңбасын деп кеудемді тұрам ашып.
Айдарлы ұл, тұлымды қыз арқасында,
Келемін алты арыспен құдаласып.
Көріп келем құданың əр алуанын,
(Бұларға бала беріп, бала алғанмын).
Мен бүгін намысы ортақ, табысы ортақ,
Жеңімпаз бір құрама командамын.
Қазақта орны бөлек қыз баланың,
(Қыз – сұңқар болғанда,
ұл – мұзбалағым.)
Ұлдан гөрі қасыңнан табылады,
Бас ауырып, балтырың сыздаған күн.
Аттанарыңда айтарым, Айнұр балам,
Ардың ісі бастан бақ тайдырмаған.
Ақ отауға бола гөр алтын діңгек,
Мен тілеймін болсын деп алдың арман.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу