Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  123


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Шындық және жалған

Біздегі үлкен кешірілмес басты айып,
Шындықтарды айта алмадық қасқайып.
Өмір-өзен, өткел бермес толқыны,
Шындық, жалған жүзген онда қос қайық.
Жасап адам екеуінің де ескегін,
Тіршіліктің тырнаштайды кепсенін.
Шындық жүрсе шыңырауда теңселіп,
Жалған жүзед жамап-жасқап бос жерін.
Қалайдағы шындықтардың жолы ауыр,
(Бұрынғыдан қалған бізге жора бұл.).
Ақты-қара,
жоқты-бар деп жан баққан,
Жалған деген жалғыз көзді жел ауыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу