Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  79


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Ақша бұлт

Ақша бұлт, күміс бауыр келдің қайдан,
Аққумысың қанатын енді жайған.
Əлде бір желкенбісің жел ұшырған,
Арылмай тұрғаным-ай, сендік ойдан.
Жоқ əлде хас батырдың туымысың,
Безенген перімісің құлын мүсін.
Не болмаса ақ жібек орамалсың,
Ғашықтардың мəңгілік ғұмырысың.
Немесе көрсе қызар əлем үшін,
Айдан түскен бір қиық кəдемісің.
Ақ сағымға оранған айналасы,
Не деген əдемісің, əдемісің.
Ақша бұлт,
жеткізбеші атқан оққа,
Көз сұғын бəрі қадап жатқан жоқ па?
Сен маған қайта оралған арманымсың,
Кетпеші, аспанымнан басқа жаққа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу