Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  87


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Ақынмын

Даланың сазы бар,
Қазақтың қаны бар,
Қысы бар, жазы бар,
Досына назы бар
Ақынмын.
Ақ өркеш суы бал,
Қара орман нуы бар,
Қымыздың буы бар,
Көтерген туы бар
Ақынмын.
Жақсыға салымы аз,
Жаманға нанымы аз,
Алысқа жаны мəз,
Жақынға қадірі аз
Ақынмын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу