Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  81


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Өлең жазар кезімде

Бəйгеңе қос, кежімде,
Тізгініме бол қатаң.
Өлең жазар кезімде,
Тұмса əйелдей толғатам.
Аққуларым көктегі,
Қанатымен сызады əн.
Жалғыз тастап кет мені,
Өйтпегенде қызғанам.
Көк сауытты батырма,
Өрісі ме даланың.
Атысқалы жатырма,
Алысын-ай араның.
Қиялыма селбесіп,
Тиіссем өлең алғызбай.
Жатам кейде дөңбекшіп,
Теңіз асты жал-құздай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу