Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  70


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Жүрегімнің сызаты

Малын бағып, астығын еккен елім,
Мен де бір ашты терін төккен ерің.
Шешемнің құлпытасын көрген сайын,
Он жылдың ойранына кектенемін.
Иə, онда біз екіге бөлініп ап,
Зауфан жасап көзге бір көріндік-ақ.
Онда егіннің майсасын шегіртке жеп,
Топалаңнан қырылған төлің бір-ақ.
Келдім тағы, туған ел, кешігіп сəл,
Орман бопты біз еккен көк шыбықтар.
Сондағы хұңуейбиң2 қыз – шарқыш əйел,
Болыпты зауфанпай3 да есірік шал.
Қайтсын-ай, онда адамдар қата ойланды,
Құланның құлағында бақа ойнады.
Сонда сынған сүйегім ілінгенмен,
Жүрегімнің сызаты сақаймады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу