Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  98


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Жыр намысы

Осы күнде танитын бар ма əкесін?
Шындыққа кім шырқырап қол көтерсін.
Керқұлан 2 Марғабылдың қасқа атындай,
Қайсы жерде байланып қалды екенсің.
Өлең үшін пида қып мал-басты да,
Жазған едім үркерді жамбасқа ұра.
Көнелердің бұлдырап көзі шіркін,
Жастар жағы жабыға жан басты ма?
Шын дарынға жоқ менің қызғанышым,
(Бағалаудың байпақшаң бұз дағдысын).
Мұқағали бəйге алмай өтсе-дағы,
Оқырманы жоқтаған жыр намысын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу