Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  96


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Дос қайда?

Дос қайда, аясы айдын тереңдейтін,
(Көктемгі көк тасқында көрем кейпін).
Дос қайда, шықсақ шығып, бір төбеге,
Өлсек те бір шұңқырда өлем дейтін.
Дос қайда, мерейіңді өсіретін,
Жараңа жапсыратын кесіп етін.
Бұрынғының адамы-ай, барса алдына,
Əкесінің құнын да кешіретін.
Мұң шағамын дос жайлы несін көпке,
Қас санағым жоқ əлі, кесір деп те.
Шаттығыма шаң қонып қиналамын,
Ұшыраған пендедей жайсыз дертке.
Шың басында жалаудай тұрар шындық,
Көрсетпейді кейде оны тұман шығып.
Қабақтарға қаратып кейде адамды,
Жаман жылдар жіберген күмəншіл қып.
Адамдарға пайдам аз, қастығым жоқ,
Иленбеймін озбырдың жастығы боп.
Алажаңқа сөз қысып қолтығыма,
Əр есікті ашпадым бастық іздеп.
Дос көңілін демеймін таба білем,
(Бір қалыпта жүрмейді адам үнем).
Жалғыз жүріп жапанда адаспадым,
Болса айыбым болады базарымен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу