Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  105


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Ұлы Абай

Дүниеде көп емес тым мұражай,
Тұрған бірі Абайдікі құламай.
Дүниеде ұлылар да көп емес,
Оларды да санасаңыз бірі Абай.
Қалмасын деп өлең-өнер көші еру,
Болашаққа бет алсын деп мол шеру.
Оңай ма еді «мыңмен жалғыз алысып»,
Өлең туын жүз елу жыл көтеру.
Жағаласып қара күшпен тас бауыр,
Абай жырын құшағына басты ауыл.
1 Ақынның əлем тойлаған 150 жылдығына арнаймын
Қай заманда өлеңіне ақынның,
Шекаралар бөле алмаған тосқауыл.
Абай жыры – ауызынан ойшылдың,
Абай жыры – қонышынан қойшының.
Дүниенің түкпіріне тарады,
Құрлықтарды жалғастырып ой шыжым.
Абайменен əрленді де ана тіл,
Кірді өлеңге жаңа мазмұн, жаңа түр.
Татьянаға əн шырқатты Шыңғыста,
Ерте ойланған ғұлама ақын жаңашыл.
Бала жастан ықыласы елге ауды,
Көңіл бұлты тебіренсе тез жауды.
Өкініш-ай, жазуға орай бермеді,
Кейде ақынға жесір дауы, жер дауы.
Абай бүгін Жершарының қонағы,
Ақынға арнар адамзаттың мол əні.
Алты құрлық, төрт мұхитты аралап,
Жидебайға қайта келіп қонады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу