Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  100


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Жанып барып таусылам

Кешір, досым, буырқанып бұлттансам,
Пендемін ғой, кейде мен де мүлт басам.
Саған деген көншімейді көңілім,
Анда-санда бұрқ-сарқ болып ұрыспасаң.
Ардың туын алыстарға тігеді ер,
Жетеді оған айлап, жылдап түнеп ел.
Мен жеңілсем салың суға кетпесін,
Ал жеңсемші, сезбегенсіп жүре бер.
Секілді алда түсер шағым алшымнан,
Түсімде ылғи дəптеріме тау сызам.
Мен нұрымды аямаймын халқымнан,
Таусылсам да жанып барып таусылам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу