Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  115


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Қашқар келбеті

Тынысымды өмірден алам ұдай,
Шабыт келсе, жыр төгер қаламым бай.
Қашқар лебі еседі оңды-солды,
Мұрын жарып бейіштің самалындай.
Қай қалада осындай болсын көрік.
Жүретұғын жер екен ақын келіп.
Айнадайын асылған шығыс көлден,
Сері Қашқар күледі бетін көріп.
Көргеніңде бағынан дос-құрбыны,
Өміріңнің елестейд жас қылығы.
Жарыса аққан Түмен мен Қызыл өзен
Шолпы таққан Қашқардың қос бұрымы.
Көңіл күйі көл-көсір тасып ағып,
Гүл қырмызы көйлегі жасылданып.
Сұлу Қашқар қарайды Тянь-шаньға,
Ақ қалпақты Памирды қасына алып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу