Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  180


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Инженерге

Қара қоста қаз тұрған,
Баласы едің жалшының.
Талабыңмен шарқ ұрған,
Арман жолын аршыдың.
Шықпаған тауың бар ма екен?
Көтеріп ала таяқты.
Көкірегін ашты бал мекен,
Туған жер несін аяпты.
Қалса да бүгін тарландап,
Недеген жаның қарулы.
Келесің əлі армандап,
Берал мен кулмит алуды.
Табысқа жаным алданса аз,
Ініңнің тарттыр сазайын.
Өзіңдей болып талғампаз,
Өлеңнің кенін қазайын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу