Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  96


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Шахтада

Ашық шахта, кен қаза,
Тартқан екен жолды алыс.
Тұрсам ұят мен ғана,
Тигізейін қолғабыс.
Деген оймен бералдың,
Тізе бердім көзінен.
Табысымның ең алдын,
Бір келіншекке сезіммен –
Ұсынбақ боп саспай кеп,
Тердім дедім талайды.
– Андағыңыз тас қой – деп,
Қорашсына қарайды.
Асыл сырын кім білген,
Көп екен-ау ұғарым.
Шəкірт болдым бір күн мен,
Шахтер келіншек мұғалім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу