Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  83


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Жалғыз ағаш

Жалғыз ағаш неге орман болмайды?!
Нұр себелеп, оны да бұлт торлайды.
Дауыл соғып қара орман шуласа,
Жалғызсырап жапанда о да боздайды.
Жалғыз ағаш неге орман болмайды,
Жаратылыс оны-дағы қорғайды.
Шөліркеген жолаушыға сая боп,
Бұтағына паналатқан торғайды.
Жалғыз ағаш шолып ылғи маңайды,
Мінезі де, тынысы да тарайды.
Топ ағаштың бір-біріне сүйенген,
Қисығы да оған қырын қарайды.
Болмаса да онша көркем тұрағы,
«Құдай жалғыз, мен жалғыз» деп тұрады.
Қариялар болған десед ол жердің
Ертеректе қабыланы, құланы.
Жалғыз ағаш қалай жалғыз жасайды,
Өмірінде талай босап – қатайды.
Бір жақсысы жатқан жалпақ даланы,
«Жалғызағаш» атымен ел атайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу