Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  107


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Бір мысқал

Болған десед ертеде,
Бір саудагер қалталы.
Дүниеге көмсе де,
Тоймай кеткен жан-тəні.
Жазмыштан сонда да аспапты,
Ексе де қулық ұрығын.
Бір күні ажал тастапты,
Шыңғыртып тұрып құрығын.
Қайту керек?! Əке өлмек...
Ұлының тапқан ақылы:
– Денсаулық сатып əкел – деп,
Бір мысқал жұмсапты алтынды.
Сол шаһарда сері мас,
Бар екен бір бозбала.
Сүйгеніне «жерік ас»
Алтыннан басқа не дауа.
Боз бала жүрген сабылып,
Құтқарам деп «ғаріпті»
Іздеген жоғы табылып,
Қан беріп сатып алыпты.
Кетеуі кеткен арсыз бақ,
Құтқарсын қайдан өлікті.
Жігіт те сол жол қансырап,
«Бір мысқал» үшін өліпті.
Қаралы сұлу, сырғалы,
Тұрарын білмей, құларын.
Жүргенде кез боп қарақшы
Тонапты кесіп құлағын.
Бұл аңыз шағын тарих,
Ғибрат жасқа, кəріге.
Жолында ылғи қан ұйып,
«Бір мысқал» жүр ғой əлі де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу