Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  104


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Ақ қайыңның шырыны

Адамнан жабысқан ба тағы да ұшық,
Сарғайған жапырағы маңымда ұшып.
Отырмын Буыршында2 саяхатта,
Қайыңның қызыл күрең шайын ішіп.
Япыр-ай, осы араға несін келдім,
Тұсымда түсім ауған, бесін кезім.
Дерт шалған ақ қайыңдар ортасында,
Не керек көпіргенім, лепіргенім.
Кезінде қуаңшылық қолын салған,
Бабалар тасаттыққа малын шалған.
Ақ қайың қара орманның аруы еді,
Не сұмдық бейбіт күнде қайың сауған.
Ақ қайың ғашықтардың мекені еді,
Талай жұп түбінде оның некеленді.
Адамдар, жан ұяңды зақымдама,
Басқа да бейбастақтық жетер енді!
Қыз-жігіттер сейілде,
– Сайрандаңдар,
Саяжайдан зеріксең, қайраңға бар.
Қайың сауған ауданның базарында,
Шөлдесеңдер қымыз да, айран да бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу