Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  118


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Найзағайды күту

Есімде сол кеш, жас шағым,
Ауылдың маңы бүрген-ді.
Бұлқынып бұлты аспанның,
Қара тау басы түрленді.
Ауыздық шайнап көк бестім,
Шапаққа кешкі малынды.
Дегендей маған: көп тостым,
Көзге бір жігіт шалынды.
– Тұрғанда жаңбыр себелеп,
Ауылға дедім жылын кеп.
Қайтарды жауап не керек:
Найзағай күтіп тұрмын – деп.
Сол жігіт қайда...
барсың ба?
Болғаны-ай, бүгін жол қайқаң.
Айналып кеткен жасынға,
Жүр екен қайда сол қалқам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу