Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  73


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Саятшы

Текірекпен із шалып салбурында,
Құсбегі шықты тағы да қағуылға.
Ақиығы қолында пыштақтайды,
Жон Алтайдан көз салып Сауырыңа.
Көрінгенде қарсыдан бұлаңқұйрық,
Көтерілді қанды көз қыран құйғып.
Күреңденген саятшы тұра шапты,
Шалғысына мұртының қырау жиып.
Екпінімен алмақшы ед ығында іліп,
Мұзбалақтың қулығын бұрын біліп,
Əккі түлкі басты кеп бұлтағына,
Уыз қарға қан қызыл нілі жұғып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу