Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  88


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Бұғылар

Сахараның сандалгер бұғылары-ай,
Жолаушыға қарайсың құрғырлар-ай.
Бəлкім, қамап сендерді қойған шығар,
Қуғындалмай жүрсін деп, – қырғындалмай.
Темірмен қоршаған аумағы кең,
Табиғаттан бөліп тұр, бау-бағыңмен.
Ұшқан құсқа қарайсың, жортқан аңға,
Шығатұғын болған соң тауларың кем.
Жіберсе егер, көгілдір сағым жасап,
Мүйізіңді арқаға қайыра сап.
О, дариға-ай, кезер ең шытырманды,
Оны ойласаң сал-серім, қаның қашад.
Ей, адамдар, саған да болсын тəуба,
Жүрмесе де базарда онсыз сауда.
Бейуазды əкеп қапасқа қамамаңдар,
Бер еркіндік!
Шықса да қайсы тауға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу