Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  79


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Сағынды әкең

Қоңыр жел, қоңыр белдің жалын тербеп,
Сарғайып жапырағы қайың, терек;
Сағынып тұрған шығар ата жұртым,
Барайын бір көліктің майын төлеп.
Жазылар онда барсам жан жарасы,
Анаңның кісінер ме ақжал аты.
Кір жуып, кіндік кескен туған жерін,
Қазақтың сағынбаған қай баласы?!
Басталсын сахараға жорық бүгін,
Келмейді жүрегімді торықтырғым.
Балам, маған жол азық дайындама,
Аңсады əкең қойшының қорықтығын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу