Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  149


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Аяз ата

– Ата, сізді бір кісі,
Шақырып тұр далада.
Киген киім үлгісі
Ұқсамайды қалаға.
Дегеннен соң немерем,
Ере шықтым мен оған.
Суыт жүріс не деген,
Болса екен деп ел аман.
Шыға бере есіктен,
Қайда дедім бір кісі.
Жолаушыдай кешіккен,
Көз алдымда тұр мүсін.
Жасапты «Аяз атасын»,
Жобалап та, добалап.
Мені алдаған қатесін,
Кешірмесек обал-ақ.
Сəбидің де көңілін,
Аулау керек аса көп.
Алдында оның төгілдім:
«Сəлем, Аяз ата!» – деп..
Ертеңім ғой тентегім,
(Албыраған беті сəл).
Аспанға атты телпегін,
Сөйлесті деп екі шал.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу