Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  86


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Алғашқы қар

Таң атқанша болмақшы қаншаны ақтап,
Торғай бас қар жауып тұр қапалақтап.
Ақ мылтығы соқпаса жарар еді,
Келсін-келмес бет-жүзді шапалақтап.
Қыс-сері мас, шырқайтын ысқырып əн,
Қарын сілкіп тұғырдан ұшты қыран.
Егінші мəз: жатыр деп шелпек жауып,
Малшылар жүр сескеніп қыс қырынан.
Аңшылар жүр із шалып қансонарда,
Топшысымен ақиық тау соғар ма?!
Алтайы қызыл түлкісі қанжығада,
Арман бар ма шіркін-ай, дəл соларда!
Партком берген жыл басы кеше міндет,
Қалың цифр тұрғандай кесел іздеп.
Бастық болсаң халқыңды байыта гөр,
Өйтпегенде ойлама өсемін деп.
Малшы қауым болмасын көңіл басқа,
Төрт түлігің не бопты тоғын басса.
Қарт пышағын қайрайды қылпылдатып,
Шақырар деп қайсы отау соғым басқа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу